MAZMUNDAMA жобасы туралы

Әлемдегі ең үздік кітаптардың мазмұндамасын назарыңызға ұсынамыз.
Адамзат тарихында 130 миллион кітап жарық көрген. Кітаптан алған білімнің пайдасы оны оқуға кеткен уақыттан асып отыру үшін аса құнды кітаптарды таңдап береміз.
Дүниежүзінде жылына 1,8 миллион кітап шет тілдерінде жарық көреді. Олардың бір пайызы да қазақ не орыс тілдеріне аударылмайды. Аудармасы жоқ кітаптарды оқып, өзекті ойларын қазақша баяндап береміз.
Адам кітаптың бір бетін орташа есеппен екі минутта оқиды. 300 беттік бір кітапқа он сағат уақыт кетеді. Бір кітапты бір сағатта аяқтау үшін кітаптардың суын сығып, ең құнды идеяларын сүзіп алып, уақытыңызды үнемдейміз.
Кітап мазмұндамалары дыбысталады. Оқудың орнына, тыңдасаңыз да болады.
Әлемде көп тілділік қалыпты жағдайға айналған. Әлем халқының 43 пайызы екі тілде сөйлейді, демек олардың саны бір тілді білетіндерден көп. Ал үш тілді меңгергендер 13 пайыз. Ойды түрлі тілде оңай жеткізу үшін жиі кездесетін сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударып беру арқылы тіл үйретеміз.
Әлемде әр адам жылына 4 кітап оқиды екен. Мазмұндаға жазылсаңыз, жылына жүз кітап оқисыз.