Оферта шарты

Оферта шарты

(ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ)
 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген ТОО «МАЗМҰНДАМА БАСПАСЫ», БСН №221240044363 заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 31.12.2023 ж. (бұдан әрі - Орындаушы), оның атынан бұйрық негізінде әрекет ететін Мұқан Ш.Ж, ЖСН 840703300096, мекенжайы: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, проспект Аль-Фараби, 15 к4в, блок 4B, 11 этаж, офис 1102, осы  шарттарда (бұдан әрі-Пайдаланушылық келісім) айқындалған талаптары бойынша Paybox money әмбебап ақша төлемдерін қабылдау құралдары арқылы кітап оқу үшін платформаны пайдаланғанына жазылымды төлеуді ұсынады.
 

ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘНІ


Осы Пайдаланушылық келісімнің мәні Орындаушының  www.mazmundama.kz сайтында Paybox money әмбебап  төлемдерін қабылдау құралдарын пайдалану жолымен кітап оқу үшін платформаға қол жетімділігін алатын адам (бұдан әрі –  Пайдаланушы) үшін жазылымды төлеу қызметі болып табылады. 

 

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ 


Пайдаланушы осы Пайдаланушылық келісімнің шеңберінде жазылым үшін төлемді Paybox money төлем жүйесіндегі қол жетімді төлем құралдарын қолдана отырып, төлемдерді қабылдаудың Paybox money  әмбебап құралдарын пайдалану арқылы төлейді. Егер Пайдаланушы Пайдаланушылық келісімнің шарттарын өзі үшін қолайсыз деп санаса немесе Пайдаланушы оның шарттарымен келіспесе, онда Пайдаланушы жазылым үшін төлем жасауды тоқтатуға міндетті. Пайдаланушы жазылу үшін алатын қызметтердің құны Пайдаланушы таңдаған тарифті ескере отырып, Орындаушы және Пайдаланушы арасындағы жасалатын бөлек жазбаша келісімімен анықталатын болады. 
Тарифтің құны www.mazmundama.kz сайтының тиісті «Тарифтер» деген бөлімінде көрсетіледі.
Пайдаланушы ақша төлемдерін қабылдаудың әмбебап Paybox money төлем құралын пайдаланған кезде, пластик төлем карточкаларын қолдана отыруға байланысты қолданыстағы заңнамада қарастырылған, төлем қауіпсіздігі бойынша барлық шаралар қарастырылады. 

Пайдаланушы Орындаушының атына қате транзакциялар (қате төлемдер) жасаған кезде (бірдей қызметтер үшін екі есе төлем, басқа қате алушыға төлем және т.б.), Пайдаланушы бес жұмыс күні ішінде Орындаушыға  тиісті өтінішін бере отырып жүгінуіне құқылы болады. Орындаушы әмбебап Paybox money төлем қызметіндегі сервисте орналасқан өзінің жеке кабинеті қате төленген төлемді оның бұрыстығы мәніне тексергеннен кейін, Пайдаланушыға қате жасалған төлем сомасын қайтаруға құқылы.

 

ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМІН ЖАСАСУДЫҢ, ӨЗГЕРТУДІҢ ТӘРТІБІ


Бұл Пайдаланушылық келісімі көпшілікке арналған мәміле жасау   ұсынысы - оферта болып табылады. Пайдаланушы Paybox money төлемдерді қабылдау құралдарын кітап оқу үшін платформада жазылымды төлеу барысында пайдалану кезінде ол акцепт жасаған болып саналады, яғни. осы Пайдаланушы келісіміне қосылды деп есептеледі. Пайдаланушы акцепт жасаған кезде, Пайдаланушы мен Орындаушы арасында Пайдаланушылық  келісімі жасалды деп саналады.
Пайдаланушы акцепті беру үшін әрекеттерді орындағанға дейін Пайдаланушылық келісімімен танысуға міндетті. Егер Пайдаланушы Пайдаланушылық келісімнің шарттарын өзі үшін қолайсыз деп тапқан жағдайда, онда ол акпет қабылдауды аяқтау үшін ешқандай әрекет жасамауы тиіс.
Орындаушы осы Пайдаланушылық келісімінің тармақтарын кез-келген уақытта өзгерту, қосу немесе жою құқығын өзіне қалдырады.  Пайдаланушы  оның өзгертулері және (немесе) толықтырулары мәніне қатысты шарттарымен ұдайы танысып, қарап отыруды өз міндетіне алады. Пайдаланушы осы Келісімнің құрамындағы өзгерістерді тексеруге дербес жауапкершілікте болады.

 

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА, ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ БЕРУ


Пайдаланаушының акцепті беруі кезінде дербес деректерді жинауға, өңдеуге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Пайдаланушылық келісімімен белгіленген тәртіппен, Пайдаланушының дербес деректерін заңға қайшы келмейтін тәсілдермен Орындаушы және үшінші тараптардың жинауына, өңдеуіне және шектес жіберуіне (қажет жағдайда) ешбір шарттарсыз келісімін береді. 
Пайдаланушының тіркелу кезіндегі көрсетілген дербес деректері дұрыс болуы керек және Пайдаланушы енгізілген дербес деректердің дұрыстығы мен айқындығына жеке өзі жауап береді. 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС


Орындаушы Пайдаланушыға жұмыс уақытында келесі әдіс-тәсілдердің кез-келгені түрі бойынша кері байланысын ұсынады және оны жұмыс уақытында қамтамасыз етеді:
1. Электрондық пошта арқылы: mazmundama@gmail.ru мекенжайы;
2. Телефондар бойынша: +7 775 909 0177, +7 775 233 7257
Жауапты тұлға: Сейілхан Т.Ж

 

ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


     Пайдаланушы Paybox money төлемдерді қабылдаудың әмбебап құралын барлық тәуекелдер мен салдарларды толық қабылдауы шартымен өз еркімен (өз қалауы бойынша) пайдаланады. Орындаушы көрсетілген қызметтердің Пайдаланушының оны күткеніне сәйкес еместігі үшін жауап бермейді.
Тараптар Пайдаланушылық келісімі бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Пайдаланушылық туралы келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

Орындаушы Пайдаланушыға және үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін, соның ішінде нақты, жанама, кездейсоқ, абайсызда келтірілген залал, жоғалған пайда, ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге нұқсан келтіру, деректердің жоғалуы немесе кез келген басқа залалдар үшін, атап айтқанда Paybox money ақша төлемі әмбебап құралын қолдану немесе оны пайдалану мүмкін болмай қалғанда немесе Paybox money ақша төлемдерін қабылдаудың әмбебап құралдарының жұмысындағы қателер, үзілістер, ақаулар, кідірістер, Paybox money ақша төлемдерін қабылдаудың әмбебап құралдарының функцияларының өзгеруі немесе төлемдер және (немесе) деректерді жоғалту нәтижесінде туындаған залал үшін жауапкершілік көтермейді.
 


ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ӘСЕРЛЕРІНІҢ МӘН-ЖАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)


Егер Тараптар оның алдын ала алмайтын немесе алдын ала болжай алмайтын, Пайдаланушылық келісімі жасалғаннан кейін пайда болған төтенше жағдайлардың салдарынан туындаған форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, онда Тараптар міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Еңсерілмейтін форс-мажорлық жағдайлар деп мыналар түсініледі: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, табиғи апаттар, байланыс желілеріндегі апаттар/іркілістер, ғимараттар, құрылыстар мен кез-келген қондырғылар, желілер, телекоммуникациялық жабдықтың бұзылуы, індет, соғыс немесе әскери операциялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе үкіметтің шешімдері.

Еңсерілмейтін форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, Тараптың Пайдаланушылық келісімі бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі осы жағдайлар мен олардың салдары болатын уақытқа сай мерзімге кейінге ығыстырылады. Егер де туындаған еңсерілмейтін форс-мажор жағдайлары және олардың салдары 3 (үш) айдан астам уақыт бойы әсер етіп жатса, Тараптар Пайдаланушылық келісімін орындаудың қолайлы балама тәсілдерін анықтау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді немесе тараптардың міндеттемелері еңсерілмейтін форс-мажор жағдайлары туындаған сәттен бастап (ақша міндеттемелерін қоспағанда) мүмкін еместігі себебінен тоқтатылады.

 

ДАУЛАРДЫ ШЕШУ


Дауды сотқа дейін реттеу келіссөздер мен талап шағымын қою жолымен жүзеге асырылады және міндетті болып табылады.
Талап шағымын алушы оны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні талап шағымын қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Егер дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешу мүмкін болмаса, кез-келген Тарап өз құқықтарын қорғау үшін сот органдарына жүгінуге құқылы. Барлық даулар сотта тек Орындаушының орналасқан жерінде шешіледі.

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Пайдаланушылық келісімі, сондай-ақ Пайдалану шартын орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндірілуге жатады.
Осы Пайдаланушылық  келісімі  Пайдаланушы www.mdm.kz сайтындағы Paybox money ақша қабылдау әмбебап құралын қолдану арқылы mazmundama.kz сайтына жазылуды төлеген сәттен бастап  күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағап болғанға дейін қолданыста болады.
 

Орындаушының деректемелері:

ТОО «МАЗМҰНДАМА БАСПАСЫ»
БИН: 221240044363
Юридический адрес: г.Алматы, проспект Аль-Фараби, 15 к4в, индекс 050059, блок 4B, 11 этаж, офис 1102
БИН (ИИН): 221240044363
Банк: АО "Kaspi Bank"
КБе: 17
БИК: CASPKZKA
Номер счёта: KZ81722S000021713386
Байланыс. +7 775 909 01 77,   e-mail: mazmundama@gmail.ru